Ссылки доступа

Мәскеудегі "Сетунь Плаза" орталығы өртенді. Ғимаратта адамдар бар


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ресей астанасындағы "Гранд Сетунь Плаза" бизнес орталығы өртенді. Ғимараттан 120-дан астам адам шығарылды.

"Интерфакс" дереккөзінің айтуынша, адамдар ғимараттың жоғарғы қабаттарында қалып қойған болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер орталықтың 15 қызметкерін іздеп жүр. Олар байланысқа шықпаған. ТАСС дереккөзінің мәліметінше, орталықтың алтыншы, жетінші қабаттарында жиырша шақты адам қалып қойған.

Ғимарат құрылысына синтетика материалдар көп пайдаланғандықтан, өрт тез тарап барады.

"Ғимараттың сыртқы беті мен жылу сақтайтын қабаты ескірген синтетика материалдан жасалған. Сылағында да синтетика көп. Ол жанғанда улы газ шығарады, ішіндегі адамдардың өміріне қауіп төндіреді", - дейді "Интерфакс" дереккөзі.

Өртке қауіптің ең жоғарғы дәрежесі берілді. Ғимаратты 200 адам сөндіріп жүр. Ресей төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Александр Куренков оқиға орнына барды.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. РИА Новости дереккөзі ғимаратты әдейі өртеген болуы мүмкін деген болжам айтты.

"Гранд Сетунь плаза" бизнес орталығы Мәскеудің батысында, "Молодежная" метро бекетіне жақын маңда орналасқан. Он қабатты ғимараттың жалпы ауданы 70 000 шаршы метрден асады.

XS
SM
MD
LG