Ссылки доступа

Мәскеуде үш қырғыз азаматын Украинадағы соғысқа қатысқан адамды өлдірді деп айыптады (видео)


Трех кыргызстанцев в Москве обвиняют в смерти участника войны в Украине: что известно об их деле
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

Мәскеу қаласында еңбек мигранттарымен болған төбелесте Украинадағы соғысқа қатысқан бір адам қайтыс болды. Үш қырғызстандық ұсталды. Оларға абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылған.

Еңбек мигранттарының туыстарының айтуынша, оларға пышақпен шабуылдаған, ал мигранттар қорғануға мәжбүр болған.

Биыл маусым айында Қырғызстанның 30 жастағы азаматы Майсалбек Абрасул-улу Мәскеудегі Тушино метро станциясы маңында шағын кафе ашқан. Оның анасы Салқынай Саттарованың айтуынша, кафенің ашылу салтанатына көп адам жиналған. Олардың арасында Ресейдегі еңбек мигранттарын жақтырмайтындар да болып, жанжал шығаруға тырысқан.

"Екі мас кісі келіп, бізді жас балалардың көзінше масқаралай бастады. Біз қонақ күтіп жүргенбіз. Олар бізді "понаехали" деп айыптап, боқтық сөз араластыра айқайлады. Самсахананы ұлым ашқан. Ол қонақтарды ішке шақырып, мас адамдарға назар аудармаңдар деп өтінді. Төбелес тез басталып кетті. Екеудің бірі ұлымды жерге жықты. Соңы төбелеске ұласты" дейді Салқынай.

Оның айтуынша, ұлына шабуылдағандардың пышағы болған. Кейін мәлім болғандай, екеуі де Ресей азаматтары - 38 жастағы Николай Сергеев пен 34 жастағы Максим Мухин. Екеуі де Украинадағы соғысқа қатысқан. Жанжалдан бір апта бұрын қорғаныс министрлігімен жаңа келісім-шартқа отырған.

Мигранты закрывают кафе и рестораны в России: много проверок после теракта, а поток клиентов упал
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Төбелес кезінде Сергеев қайтыс болды, ал Мухин ауруханаға түсті. МайсалбекАбрасул-улу, оның бауыры Сыдықбек, досы Дамир Баратәлиев ұсталды. Ресейдегі медиа "мигранттар әскери формадағы ер азаматты соққыға шықты" деп жазып жатыр. Мигранттардың туыстары бұны жоққа шығарып отыр.

Күдіктілердің туыстарының айтуынша, Мәскеу полициясы болған оқиғаның мән-жайын ашуға тырысып жатқан жоқ. Тергеу изоляторында мигранттарды Украинадағы соғысқа баруға үгіттеп жатыр. Олар майданға барса, қырғыз азаматтарының үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылады.

"Ұлдарыма соғысқа баруға келіспеңдер деп айттым" дейді Салқынай Саттарова.

Как власти России вербуют мигрантов на войну с Украиной
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00


Күдіктілердің туыстары Қырғызстан билігінен көмек сұраған. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі тергеушілермен байланыс орнатқан.

"Қырғызстан елшілігінің қызметкері Салқынай Саттаровамен үнемі байланыс ұстап отыр" деп хабарлады елшіліктегілер.

XS
SM
MD
LG