Ссылки доступа

Таулы Қарабақта жарым-жартылай әскери мобилизация жарияланды


Миротворцы и азербайджанские солдаты в Карабахе, 26 ноября 2020 года
Миротворцы и азербайджанские солдаты в Карабахе, 26 ноября 2020 года

Өз егемендігін жариялаған Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян 3 тамызда жарым-жартылай әскери мобилизация туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Мұндай шешім аймақта армян-әзербайжан жанжалысы ұшығып кетуіне байланысты қабылданған. Өз егемендігін жариялаған республика әскерилерінің мәлімдеуінше, Әзербайжан қарулы күштері дрондарының соққысынан екі жауынгер қаза болып, бірнеше сарбаз жараланған.

Бұл уақытта Баку Лачын ауданында армян жағынан атылған оқтан бір жауынгер опат болғанын мәлімдеді.

Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал 2020 жылғы күзде қайта ушықты. Баку мен Ереванның 44 күнге созылған текетіресінен соң әскери қимылдарды доғару туралы келісім қабылданды.

Құжатқа сәйкес, Баку Қарабақта 1990-жылдардың басында армян әскері басып адған аумақтың елеулі бөлігін кері қайтарды. Оқ атпау тәртібін бақылау ресейлік бітімгерлерге тапсырылды.

Кейінгі күндері жанжал ошағында оқ атпау тәртібі қайта-қайта бұзылған. Әзербайжан Баку бақылауына өткен аумақтардан армян қарулы күштері толық кетпегенін, Қарабаққа қатысты келісім ережелері орындалмай отырғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG