Іс Нью-Йорктағы Манхэттеннің қылмыстық сотында қаралып жатыр. Тергеу Трамп 2016 жылы сайлау алдында порноактриса Сторми Дэниэлстің аузын жабу үшін адвокаты арқылы 130 мың доллар беріп, бірақ оны қорғаушысының заң қызметі арқылы тіркегенін, Нью-Йорк штатында бұл заң бұзу болып есептеледі.
2018 жылы Трамптың адвокаты Майкл Коэн бұл іс бойынша үш жылға абақтыға кесілген, ал сол кезде мемлекет басшысы болып тұрғандықтан Трампқа айып тағылған емес.
Трамптың өзі ешқандай қылмыс жасамағанын айтады.
АҚШ-тың 45-президенті, бұл өлкені 2017-2021 жылдары басқарған республикашыл 77 жастағы Трампқа қарсы жалпы төрт рет іс қозғалған.
Биыл күзде АҚШ-та кезекті рет президент сайлауы өтеді. Трамп оған тағы қатысуға әрекет жасап жатыр.