Ссылки доступа

Пәкістанда экс-премьер-министрге қастандық жасалды  


Хан (ортада) және оның жақтастары  
Хан (ортада) және оның жақтастары  

Пәкістанда кортежге оқ атылып, бұрынғы премьер-министр Имран Хан жарақат алды. 

Ақпаратқа қарағанда, оқиға өлкенің орталығы Исламабадтан 200 шақырым қашық Вазирабад қаласында болған. Хан партиядағы әріптестерімен сайлау алдындағы насихат науқанын өткізіп жатқан кезде, белгісіз адам автоматтан оқ атқан. Экс-премьерден басқа бірнеше адам жараланып, бір адам қаза болған.

Имран Ханның аяғына оқ тиіп, бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Елдің үкімет басшысы Шахбаз Шариф бұл шабуылды айыптап, оқиғаны тексеруге тапсырма берген.

Имран Ханға парламент сенімсіздік танытқаннан кейін сәуір айында отставкаға кеткен. Ол қазір ел оппозициясын басқарады. Соңғы күндері Хан мен оның жақтастары Исламабадқа баруға дайындалып жүрген. Онда бейбіт түрде наразылық акциясы болатынын жеткізген. Сот шешіміне сәйкес, Хан сайлауға қатысу құқығынан айырылған, бірақ оның жақтастары Жоғарғы сотқа шағымданған.

XS
SM
MD
LG