Ссылки доступа

Пәкістанда жыл басынан бері жеті журналист өлтірілді


Биылғы жылдың алғашқы алты айында Пәкістанда жеті журналист өлтірілді. Бұл жөнінде The Guardian басылымы жазды.

Журналистер өлімін зерттеген тілші Адил Жавадтың сөзінше, олардың кемінде төртеуінің өлімі кәсіби қызметіне байланысты болуы мүмкін.

Жавад журналистер елде қылмыскерлер жазаға тартылмай, заңсыздық белең алған кезде жұмыс істеп жатқанын айтады.

Баспасөз еркіндігін қолдайтын Freedom Network ұйымы 2012-2022 жылдар аралығында 53 журналист кәсіби қызметіне байланысты өлтірілгенін, тек екі іс бойынша кінәлілер жауапқа тартылғанын атап өтеді.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының баспасөз еркіндігі индексінде Пәкістан биыл екі сатыға төмендеп, 180 орынның ішінен 152 орынға түскен.

XS
SM
MD
LG