Ссылки доступа

Петербургте өзенге құлаған жолаушылар автобусының жүргізушісі қамауға алынды


Санкт-Петербург соты 10 мамырда өзенге құлаған жолаушылар автобусының жүргізушісі Рахматшох Курбоновты 9 шілдеге дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Оған қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған жолда жүру ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, апат болған кезде автобуста 20 адам болған. Тергеу комитеті жұма күні кешке жеті адам опат болғанын хабарлады.

Рахматшох Курбонов кінәсін мойындап, тежегішті игере алмай қалғанын айтып, қайтыс болғандардың туыстарынан кешірім сұрады.

Қалалық көлік комитетінің хабарлауынша, 44 жастағы автобустың жүргізушісі жұмысқа кіріспей тұрып медициналық куәландырудан өткен және оның жұмыс пен демалыс режимі сақталған. Ал жүргізушінің әйелі "78" телеарнасына күйеуі 9 мамырда тұтас бір күн істегенін, ал жұма күнгі кезекшілік алдында 5 сағатқа жуық ұйықтағанын айтқан.

"ООО Такси" жолаушы тасымалдау компаниясының хабарлауынша, линияға шығар алдында автобус техникалық бақылаудан өткен және автобуста ақау болмаған. Санкт-Петербургтің көлік комитеті "ООО Таксиді" кешенді тексерістен өткізетінін мәлімдеді.

Санкт-Петербург қаласының орталығында жолаушылар автобусы өзенге құлады. Автобус апаты 10 мамырда күндіз болған.

XS
SM
MD
LG