Ссылки доступа

Пәкістанда сайлау алдындағы жарылыстан 24 адам қаза болды


Пәкістанның Белужистан провинциясында екі рет жарылыс болып, 24 адам қаза тауып, ондағаны жарақат алды. 8 ақпанда Пәкістанның Ұлттық ассамблеясына және жергілікті кеңестерге сайлау өтеді.

Жарылыс депутаттыққа үміткерлердің штабы жанында болды. Әзірге бұл үшін ешкім жауапкершілік алмады. Шабуылға соңғы айларда бірнеше шабуыл жасаған "Пәкістан Талибаны" қозғалысы және Белужистандағы жікшіл топтар болуы мүмкін деп айтылып жатыр.

Сайлауға бір апта қалғанда Пәкістанның бұрынғы президенті және сайлау алды сауалнама бойынша бірінші келе жатқан "Әділеттілік үшін қозғалысы" партиясының негізін қалаушы Имран Хан 31 жылға бас бостандығынан айырылды. Хан қолдаушыларын дауыс беруге және сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін сайлау учаскелерінде болуға үндеген.

Сайлауға Ханның партиясы да қатысады. Бірақ сот сайлау бюллетеніне партияның белгісін жазуға тыйым салғандықтан, халқының 40% сауатсыз бұл елде сайлаушылардың өз таңдауын жасауға кедергі болуы мүмкін екені айтылып жатыр.

Парламент сайлауына 44 партия қатысып жатыр.

Пәкістан парламенті екі палатадан тұрады – Сенат және Ұлттық ассамблея.

XS
SM
MD
LG