Ссылки доступа

Ресейде мигранттарды тексеру күшейді (видео)


В России полиция снова усилила проверки мигрантов: "Стоят целые автобусы, силовики со служебными собаками"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:04 0:00

Ресейде мигранттарды күшейтілген түрде тексеру басталған. Келушілердің сөздерінше, жолдарда полиция көліктері көбейген. Күш құрылымдары өкілдері таксилерді тоқтатып, мигранттарды жаппай тексеріп жатыр.

Тексерудің күшеюіне Волгоград колониясындағы Орталық Азиядан шыққандардың басып алмақ оқиғасы себеп болған. БАҚ-тың жазуынша, олардың екеуі Өзбекстан, екеуі орыс паспортын алған Тәжікстан азаматы.

Сарапшылар түрмедегі қанды оқиға мигранттар өміріне кері әсерін тигізеді деп отыр.

Волгоград колониясында төрт сотталушы түрме қызметкерлерін кепілдікке алып, басып алмақ болған. Оқиға кезінде колонияның төрт қызметкері қаза тапты, тағы төрт қызметкер мен үш сотталушы ауыр жараланған. Ал басып алмақ болғандар арнайы операция кезінде өлтірілген.

Заңгерлер Ресейде жұмыс істейтін мигранттарға арандатуға түсіп қалмауға, аса сақ болуға шақырады.

XS
SM
MD
LG