Downdetector Ресейдің барлық аумағында YouTube ашылмай қалғанын жазады. Әсіресе шағымдар Мәскеу, Петербург және Екатеринбург қалаларынан түскен.
Ресейлік тұтынушылар YouTube платформасы тамыз айының басынан бастап өте жәй ашылатынын айтып, шағымдана бастаған. Ресейліктердің көбі VPN-сервисі арқылы кіреді.
Шілде айының соңында дума депутаты Александр Хинштейн "Ресейге қарсы саясаты үшін" YouTube платформасының жылдамдығы 70% -ке дейін төмендейтінін айтқан.