Ресей статистика мекемесінің мәліметінше, 2023 жылы елге шетелден 560,4 мың адам кірген. Бұл соғыстың алғашқы жылымен салыстырғанда 23% аз көрсеткіш. 2022 жылы Ресейге 730 мың адам кірген.
Шетел азаматтарының үштен бірі Тәжікстаннан, 10 пайызы Қырғызстаннан, 9 пайызы Украина, Армения және Қазақстаннан, тағы 4 пайызы Өзбекстаннан барған. Мигранттар Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Түркіменстан, Үндістан және басқа да елдерден ағылады.
Еңбек мигранттарының дені Мәскеу және Түмен облыстарына, сонымен бірге Ханты-Мансы автономиялық аймағына жиі барады.
Енді Ресейдің 14 өңірі мигранттар жұмысына шектеу енгізіп отыр. Олар 20 салада еңбек ете алмайды.
«Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде еңбек мигранттарына деген көзқарас күрт нашарлап кетті. Осы елге жұмыс іздеп барған шетелдіктердің көбі Ресей аумағына кіргізілмеді.