Студенттердің бірі Мухаммеджон Боев Мичуринск мемлекеттік аграрлық университетінде құжаттарын жаңарту мақсатында Тәжікстанға барып, кері қайтқанда шекарада ұсталған. Ол қамауда болған үш күнде азапталғанын айтады.
"Олар қандай да бір қағаздар әкеп, қол қоюға мәжбүрледі. Мен ешқандай қағазға қол қоймадым. Олар қолымды сындыруға дейін барды. Сосын мен сол ұсынған қағаздардың бәріне қол қоюға мәжбүр болдым", - дейді Мухаммеджон.
Оған үшінші күні Ресей аймағында болуға құқығы жоқ деген құжат беріп, елден шығарған.