Ссылки доступа

Ресей мектептерінде сабақ кезінде смартфон қолдануға тыйым салынды 


Жаңа оқу жылынан бастап Ресей мектептерінде оқушылар мобилді телефон қолдана алмайды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Сергей Кравцо Жалпы ресейлік ата-аналар жиналысы кезінде айтты. 

"Жаңа санитарлық ережелерге сәйкес, мобилді телефондарды сабақ кезінде қолдануға болмайды. Бұл оқушыларды сабақтан басқаға назар аудармауы үшін маңызды", - деді министр.

Жаңа санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, мектептерде мобилді телефондарды үйрету мақсатында қолдануға тыйым салу 1 қаңтардан бастап күшіне енген. Роспотребнадзор мәлімдегендей, мобильді телефондардың экраны кішкентай болғандықтан, олар оқушылардың көзіне салмақ түсіріп, дене мүсінін бұзады.

Еуропа елдерінде гаджеттерді пайдалануға тыйым жоқ. Тек сабақ кезінде қолдануға шектеу бар. Францияда 2018 жылдан бері бастауыш және орта мектептерде мобильді телефон қолдануға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG