Ссылки доступа

Самарқандта блогер "ұсақ бұзақылық" үшін 10 тәулікке қамалды


Баходур Хасанов, блогер әрі журналист
Баходур Хасанов, блогер әрі журналист

Самарқанд қалалық соты әлеуметтік желілерде белсенді блогер әрі журналист Баходур Хасановты "ұсақ бұзақылыққа" айыптап, он тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды.

Хасановтың туыстарының айтуынша, ол "блогерлік қызметі үшін жазаланды". Милиция болса Хасанов жәбірленуші әйелдің арызы негізінде қамалды дейді.

Баходурдың әкесі Зохир Хасанзода сот шешімі адвокатсыз және туыстарының қатысуынсыз өтті дейді.

Қауіпсіздік органдарының өкілдері 9 қыркүйекте үйін қоршауға алып, Баходурды күшпен алып кеткен.

Қамалудың алдында Баходур Фейсбук парақшасына милиция өзін аңдып жүргенін жазған.

"Бірнеше күн бұрын Самарқанд ауданындағы жер телімін әлдекімдер заңсыз басып алғанын жаздым. Бұл жергілікті шенеуніктерге ұнамай қапты. Мені қамауды көздеп жатыр. Мен жеті жылдан бері билікте отырып, әділеттілік және шыншылдық туралы алып келе жатқан президентке қайрыламын", - деп жазған Баходур Хасанов.

Самарқанд облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жахонгир Сагдуллаев 10 қыркүйекте Хасанов қоғамдық орында видео түсіріп жатқанда, өзін түсірмеуді сұраған әйелмен ұрысқанын, ол кейін милицияға арызданғанын мәлімдеді.

Баходур Хасанов осыған дейін облыстық "Самарқанд дауысы" газетінде жұмыс істеген. Бірнеше жылдан бері тәуелсіз журналист және блогер ретінде әлеуметтік мәселелерді айтып келеді.

XS
SM
MD
LG