Ссылки доступа

Сербияда оппозиция жақтастары көшеде отырып, наразылық акциясын өткізеді


Сербияда парламент сайлауының ресми нәтижесіне наразы белсенділер мен студенттер көшеде отырып, наразылық акциясын өткізетінін жариялады.

Олар Белградта үкімет мекемелеріне апаратын жолдардың бәріне отырып алып, 30 желтоқсанға дейін наразылық акциясын өткізуді көздейді.

24 желтоқсанда астана әкімшілігі ғимаратына кіруге талпынғандар қауіпсіздік күштерімен қақтығысып қалған. Оппозициялық альянстың үш мүшесі аштықты жалғастырып жатыр.

Оппозиция президент Александр Вучич пен оның партиясын сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптады. 17 желтоқсанда өткен парламент сайлауында билік басындағы Сербия прогресс партиясы 47 пайызбен жеңіске жеткен. Оппозиция альянсы 23 пайыз дауыспен екінші орын алған.

XS
SM
MD
LG