Ссылки доступа

Стамбұлда түркімен белсендісі Нұрберді Базаров қамауға алынды 


Стамбұлда Түркіменстан билігін сынап келген түркімен белсендісі Нұрберді Базаров қамауға алынды. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.  

Түркияда тұратын тағы бір белсенді Нұрмухаммет Аннаевтың айтуынша, түрік билігі таяу күндері жақын күндері Нұрберді Базаровты Ашғабадтқа депортациялауы мүмкін. Ол қазір Стамбұл жанындағы Тузла қаласындағы депортация орталығында қамауда отыр.

"Базаров түркімен билігінің өтінішімен қамалуы мүмкін. Егер ол Ашғабадқа жөнелтілсе, азапталуы мүмкін", - дейді Аннаев.

Нұрберді Базаров Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті және оның ұлы, қазіргі президент Сердар Бердімұхамедовтің саясатын ашық сынап келген.

Қыркүйек айында Түркия түркімен билігінің өтініші бойынша визасыз режимді жойды.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркияда жүрген түркімен белсенділеріне және олардың Түркіменстандағы туыстарына қысым күшейіп жатқанын ескертіп келеді.

XS
SM
MD
LG