Ссылки доступа

Тәжікстанда доллар бағамы төмендеп жатыр (видео)


В Таджикистане падает курс доллара
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Тәжікстанда соңғы бір айдың ішінде доллардың сомониге шаққанда ресми бағамы 1,5 пайызға төмендеді.

Бір ай бұрын бір доллар 10 сомони 90 дирам болса, қазір америкалық валюта үшін 10 сомони 74 дирам беріліп жатыр. Ұлттық банк мұны елде доллардың көбейгенімен және орыс рублінің өскенімен түсіндіреді. Бұл маусымдық көрсеткіш дейді.

Тәжікстанның Экономикалық зерттеу институтының маманы Бахром Шарифзода бұл процесстің ел ауқатына қалай әсер ететінін айтып берді.

"Мұның жақсы да, жаман да жақтары бар. Жақсы жағы, сомониді сатып алу мүмкіндігі көбейеді. Ал Тәжікстанға ақша салып жатқан инвесторларға доллардың арзандауы мотивациясын төмендетеді", - деді Шарифзода.

XS
SM
MD
LG