Ссылки доступа

Тәжікстанда есірткіге тәуелді әйелдердің саны көбейген


Тәжікстанда есірткіге тәуелді әйелдердің саны көбейді. 23 жастағы Марворид (есімі өзгертілді) үш жылдан бері есірткі қолданған. Қазір тәуелділіктен емделіп жатыр.

Ол Озоди радиосына сұқбат беріп, басынан өткен жағдайды айтып берген. Марворид өзі жетім өскен.

"Бір рет олар мені есірткі қолдануға мүмкіндік берді. Мен оған байланып қалдым. Ол біраз уақытта бәрін ұмыттырады", - деді Марворид.

Есірткі заттарды бақылау агенттігінің мәліметінше, қазір 109 есірткіге тәуелді әйел тіркеуде тұрады.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі елде бұл проблемамен күресу бойынша үш мемлекеттік бағдарлама және екі стратегия іске асырылғанын айтады.

Алайда "СПИН-Плюс" қоғамдық ұйымы дәрі-дәрмек алу қиын, олардың бағасы да қымбат дейді.

Тәжікстанда жалпы есірткіге тәуелді 4 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 117 адамға аз. Бірақ тәуелсіз ұйымдар бұл көрсеткіш әлдеқайда көп дейді.

XS
SM
MD
LG