Ссылки доступа

Тәжікстанда бала тәрбиесіне енді ата-аналар ғана емес, мектептер де көңіл бөледі


Тәжікстан парламенті "Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі жөніндегі" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Өзгерістерге сәйкес, бұдан былай бала тәрбиесіне мектептегі ұстаздар да жауапты болады. Заң талаптарын бұзғандарға жаза күшейеді.

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігінің маманы Бехруз Сафарзода аталған заң қазіргі талаптарға сәйкес келетінін жеткізді.

"Қазір өзгеріп жатқан заманда балаларды патриоттық рухта, өзін-өзін тануға тәрбиелеу маңызды", - деді ол.

Заң жобасы қоғамда ашық талқылауға шығарылған жоқ. Сол себептен көптеген сұрақтар туындайды.

"Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі жөніндегі" заң Тәжікстанда 2011 жылы қабылданған. Онда ата-ана міндетін дұрыс орындамағандарға жаза қарастырылған. Бұл қоғамда көптеген талас туғызған. Мысалы, мектепке ұялы телефон ұстап барған балалар мен мешіттерге рұқсатсыз барған балалардың ата-анасына айыппұл қарастырылған.

Құқық қорғаушылар сол кезде бұл заң адамның еркіндігін бұзады деп атаған.

XS
SM
MD
LG