Митинг қатысушылары символикалық түрде Грузия мен Еуропа одағы туларын қолына ұстап, "шетел өкілі" заңына да қарсылығын айтты.
Ұялы телефондарының жарығын жандырып жүрген азаматтар "Орыс заңына жол жоқ!" және "Ресейлік режимге жол жоқ!" деп айқайлады.
Акцияға қатысушылардың саны бірнеше мың деп бағаланады.
Осы арада көрші Арменияның астанасы Ереван қаласында өткен митингте жергілікті архиепископ Баграт Галстанян билікке бару ниетін жариялады.
53 жастағы Баграт Галстанян Еревандағы армяндардың дінбасы II Гергиннен "діни қызметін" тоқтата тұру жөнінде өтініш білдіргенін айтты.
Демонстранттар бұл ұсынысты қолдап, ал "Тавуш жері үшін" қозғалысы оның кандидатурасын үкімет басшылығына ұсынды.
Галстанян Пашинянның резиденциясына барып, онымен кездесіп, қызметінен кетуін талап ететінін жеткізген.
Армениядағы мыңдаған адамның наразылыққа шығуына Әзербайжан мен чекара туралы келісімі түрткі болды.