Ссылки доступа

Тбилисиде "шетел агенті" заңына қарсы акция өтті


Жексенбіде Тбилисиде оппозиция "шетел агенті" жөніндегі заңға қарсы марш өткізді. Демонстранттар "Республика" алаңынан грузин парламенті ғимаратына дейін жаяу жүріп барған. Бұл жөнінде "Эхо Кавказа" хабарлады.

Қатысушылар "Орыс заңына жол жоқ" деп ұран айтқан. Парламент ғимаратына "Ресей – оккупант" деген жазу және Грузияның туы ілінді. Оппозиция шетел агенті жөніндегі заңды билік партиясы Мәскеудің ықпалымен қабылдады деп біледі. Заң жобасының авторлары мұны теріске шығарады.

Басқарушы "Грузин арманы" партиясы заң жобасын қолдағандар 29 сәуірде көшеге шығатынын мәлімдеді. Парламентте құжаттың екінші оқылымы сейсенбі күні өтеді деп жоспарланған.

2023 жылы бұл құжат халық наразылығынан кейін заң авторлары кері қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG