Қала орталығындағы Руставели көшесіне, сонымен бірге парламент ғимараты маңына бірнеше мың адам жиналды. Кейбір мәліметке қарағанда, жиналған адамдар саны 15 мыңға жуықтаған.
Күш құрылымдары адамдарды водометтермен, резіңке оқпен және көзден жас ағызатын газбен таратты. Әлеуметтік желілерде арнайы жасақ митингіге шыққандарды ұрып жатқаны туралы видео тарады. Қанша адам зардап шеккені белгісіз. ІІМ мәліметінше, полицияның алты қызметкері зардап шеккен. Шеру кезінде «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының төрағасы Леван Хабеишвилиді де ұрған.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили наразылыққа шыққандарды қолдады. «Грузин халқы бейбіт наразылық ұйымдастыру құқығынан айрылды» деп мәлімдеді президент твиттерде.
Таңға жағын үкімет күші парламентке қарай шегінді. Арнайы жасақтың қатаң әрекетіне қарамастан, адамдар қаланы қоқыстан тазарту үшін көшеде қалды.
Парламент депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қарап үлгермеді. Талқылау 1 мамырға қалдырылды.