Ссылки доступа

Түркияның астық қоймасында жарылыс болды. Зардап шеккендер бар


Түркияның Деринже портында кемеге астық жүктеу кезінде жарылыс болған. Бұл жөнінде CNN Turk телеканалы хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, 13 адам зардап шеккен.

Топырақ өнімдері басқарма басшысы Ахмет Гүлдал жарылысқа қатты бидай тозаңы себеп болғанын айтты. Мәліметке қарағанда, порттағы 60 қойманың 13-і зардап шеккен.

Деринже қаласы әкімі Зеки Айгүн жарылыс радиусы 25 метрге жеткенін мәлімдеді.

"Бидайды экскаваторлармен шығарып жатырмыз, қоймада адамдар болды ма, жоқ па, тексеріп жатырмыз", - деді әкім.

Түркияның әділет министрлігі бункердегі жарылысқа байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG