Ссылки доступа

Түрікменстанда тұтқындар президент рақымшылығына іліну үшін пара беруге мәжбүр


Түрікменстан тәуелсіздігі күніне байланысты жарияланған рақымшылыққа ілінген тұтқындардың туыстары оларды бостандыққа шығару үшін мың доллардан екі мың долларға дейін пара беруге мәжбүр болғанын айтқан.

Бұл жөнінде Азаттықтың Түрікмен редакциясы жазды.

Рақымшылыққа 829 адам ілінген, оның төрттен бірі шетел азаматтары.

"Рақымшылыққа ілігу үшін прокуратураға немесе қылмыстық істі жүргізген тергеушіге пара беруге тура келеді" дейді тұтқындардың туыстары. Түрікменстан билігі Азаттықтың Түрікмен редакциясының бұл туралы сұрағына жауап бермеді.

Түрікменстанда Сердар Бердімұхамедов президент болғалы екінші рет рақымшылық жарияланып отыр. Биыл сәуірдегі ораза айында Бердімұхамедов 514 адамға рақымшылық жасаған.

XS
SM
MD
LG