Ссылки доступа

Түркіменстанда белсендінің анасын қажылыққа жібермеген (видео)


Хамида Бабаджанова – Түркіменстан және Түркиядағы азшылықтың құқығын қорғайтын этникалық өзбек әйелі. 

48 жастағы Хамида Түркіменстанның Дашогуз уәлаятында туған. Оның елінде шағын кәсібі болған. Бірақ 2016 жылы Түркияға көшеді. Ол сол жақтан әлеуметтік желілер арқылы Түркіменстандағы жағдайды жазып, хабарлап отырады.

"Билік менің елдегі екі дүкенімді бұзды. Орнына басқа ғимарат бермеді. Қаншама рет арыздандым, еш нәтиже болмады", - деп түсіндіреді Хамида елінен кету себебін.

Түркиядағы мигрант өмірі:

Ол жақында ғана Түркіменстандағы 73 жастағы анасына қажылыққа Меккеге баруға тыйым салынғанын естиді.

"Ол Меккеге барамын деп 2100 доллар жинапты. Құжаттар әзірлеуге мың доллар кетті, билет сатып алуға 250 долларын жұмсады. Ол қажылыққа барамын деп ақшасын 40-50 жыл бойы жинады. Оның мақсатын бір күнде қоқысқа лақтырып жіберді", - дейді Хамида.

Бабаджанова анасына шетелге шығуға тыйым салуын өзінің белсенділігімен байланыстырады. Бірақ ол түркімен билігінің іс-әрекетіне үнсіз қарап отыра алмайтынын айтып, ашық сынай беретінін жеткізді.

XS
SM
MD
LG