Ссылки доступа

Түркіменстанда ұн 250%, нан 150% қымбаттады


Ашғабадта мемлекеттік дүкендерде жеңілдетілген бағадағы ұн мен нан бірден қымбаттады. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

"Мемлекеттік дүкендерде осыған дейін бір келісі бір манаттан сатылып жатқан ұн 3 манат 50 теңгеге дейін қымбаттады", - деп хабарлайды Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісі.

Оның сөзінше, нан бағасы 150%, үн бағасы 250% қымбаттағаннан кейін дүкендер алдында кезек күткендер жоқ болып қалды.

Соңғы алты жылдан бері Түркіменстандағы мемлекеттік дүкендерде халыққа ұн жеңілдетілген бағада – бір келісі 1 манаттан сатылып келді. Мұндай бағамен әрбір адам айына 5 келіге дейін ұн сатып алуға құқығы болған.

XS
SM
MD
LG