Мары уәлаятында жол ережесін бұзғандарды, ішімдікке әуестерді, қайыршыларды да мақта теруге мәжбүрлеген. Балқан уәлаятында үйлену тойы, ас және басқа да отбасылық шараларға мақта теру науқаны кезінде тыйым салынған. Билік өкілдері мұндай жиындар «адамдардың бос уақытын ұрлайды» деп есептейді.
Бұған қоса, Балқан өңірінде мейрамханалар мен кафелер жабық тұр. Мекеме басшыларына тыйымды бұзғандарға айыппұл салынатынын ескерткен. Банкет залдарында істейтіндерді мақта теруге жіберген.
Науқан аяқталғанша жергілікті базарлар да жұмыс істемейді. Шағын автокөлік пен тракторлардың иелері бюджет қызметкерлерін алқапқа тасуы керек.
Билік Тәуелсіздік күніне дейін мақта жоспарын кем дегенде алты пайызға орындауды талап еткен. Жергілікті тұрғындар билік әрекетін сталиндік қуғын-сүргінмен салыстырды.
Түркіменстанда 9 қыркүйекте мақта теру науқаны басталғаны ресми түрде жарияланды. Алайда елдің барлық аймағында тұрғындардың мақта теруге шыққанына бірнеше апта болған. Бюджет қызметкерлері алқапқа өзі шығуы, не орнына басқа адам жіберуі керек. Мектеп оқушылары да мақта теріп жүр.
Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар Түркіменстан билігін адамдарды мәжбүрлеп мақта тергізді деп айыптап отыр, бірақ түркімен билігі мұндай сынға ешқашан назар аударған емес.
Түркіменстан биыл 580 мың гектар алқаптан 1 миллион 250 мың тонна мақта жинауды жоспарлаған.
Түркімендер биліктің мақта теруге мәжбүрлеу әрекетін сталиндік репрессиямен салыстырды
Түркіменстан билігі мақта теру науқанына адам тартудың түрлі әдістерін қолданып жатыр.