Ссылки доступа

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тапты 


Түркиядағы жер сілкінісінің салдары 
Түркиядағы жер сілкінісінің салдары 

Түркияның оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас маңда қатты жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, 76 адам қаза тауып, 440-ы жараланған. 

Жүздеген ғимарат қирап алған. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеп жатыр. Елде төтенше жағдай жарияланды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі бір миллион тұрғыны Газиантеп қаласына жақын жерде орналасқан.

Түркияда 7,8 магнитудада жер сілкінгеннен кейін, 32 афтершок болған, тағы 6 магнитудадан жоғары қайталанған.

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу кемінде он қала зардап шеккенін жеткізді. Диярбакырда сауда үйі бұзылған.

Жерасты дүмпуі Адана, Анкар, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфа секілді Түркия қалаларымен қатар Кипр, Ливан және Сирияда сезілген. Сирияда да қайтыс болғандар саны көп.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Алеппода кемінде 100 адамның денесі табылған, 516-сы жараланған.

Хама қаласында көп қабатты үй құлаған. Құтқарушылар қазір үйіндіні аршып жатыр.

Түркияның Қызыл Крест басшысы Керем Киник халықаралық көмек қабылдауға дайынбыз деп мәлімдеді.

Түркия әлемдегі ең қауіпті сейсмикалық аймақ болып саналады. 1999 жылы болған жер сілкінісінен 17 мың адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG