Ссылки доступа

Түркия бұралқы иттерге қатысты заң қабылдады


Түркия парламенті жабайы иттерге байланысты заң жобасын мақұлдады. Бұл эко белсенділердің қаңғыбас жануарларды жаппай өлтіруге алып келеді деген алаңдаушылығын туғызып жатыр.

Құжат жергілікті билікті жабайы иттерді аулап әкетіп, уақытша орналастыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы құтырған иттерді өлтіруге рұқсат береді.

Associated Press басылымының жазуынша, қаңғыбас мысықтарға тиіспейді.

Белсенділердің айтуынша, үйсіз иттер саны миллиондаған, ал олардың бәрін уақытша орналастыруға орындар жетіспейді. Заң жобасы қабылданар алдында Түркия және Еуропаның қалаларында жаппай наразылық шарасы өтті.

Елдің оппозициялық күші – Республикалық халықтық партиясы заң жобасын кері қайтаруға бар күшін салатынын мәлімдеді.

Ресми биліктің мәліметінше, Түркияда төрт миллионға жуық қаңғыбас ит бар. Олардың адамдарға шабуыл жасаған оқиғасы жиі кездеседі. Мәселен, 2022 жылы жабайы иттердің салдарынан кемінде 75 адам қаза болған. Олардың арасында аталған заң жобасын әзірлеушінің қызы да бар. Ол иттен қашамын деп, көлік астына түсіп, қайтыс болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "қаңғыбас иттер мәселесін" шешу үшін бұл заң жобасы керек деген.

XS
SM
MD
LG