Ссылки доступа

Түркияның солтүстігінде шахтадағы апаттан кемінде 40 адам қаза болды


Амасра қаласында шахта маңында тұрған жедел жәрдем көліктері.

Түркияның солтүстігіндегі Амасра қаласында шахтадағы ірі апаттан кемінде 40 адам опат болды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жер астында ондаған кенші қалған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу хабарлады. 

Із-түзсіз жоғалғандар 300-350 метр тереңдіктегі екі ұңғымада үйінді астында қалған болуы мүмкін. Қазір құтқарушылар 250 метр тереңдікке дейін барған, олардың әрі қарай жылжи алуы-алмауы белгісіз.

Амасра қаласы билігінің мәліметінше, шахтерлардың жартысына жуығы эвакуацияланған. Құтқарушылар үйінді астынан 11 адамды тірідей шығара алған. Олар ауруханаға жеткізілді. 50-ден астам шахтер жер үстіне өз бетімен шықты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы апаттан ондаған адамның қаза болуына байланысты түрік әріптесі Режеп Ердоғанға көңіл айтты.

Амасра шахтасында жарылыс жұма күні кешке болған. Бастапқыда апатқа трансформатордағы ақау себеп болғаны айтылды. Кейін ресми орындар шахтада белгісіз себеппен метан жарылғанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG