Ссылки доступа

Украинада ресейлік РИА "Новости" агенттігінің тілшісі қаза тапты 


Ростислав Журавлёв
Ростислав Журавлёв

Украинада Ресей мемлекеттік РИА "Новости" агенттігінің әскери тілшісі Ростислав Журавлёв қаза тапты. Осылай деп агенттік өткен сенбіде хабарлады.  

РИА "Новости" агенттігінің жазуынша, "Журавлёв Запорожец облысы Пятихатки ауданындағы атыс кезінде украин қарулы күштерінің оғынан қаза тапқан".

Сонымен бірге агенттіктің фото тілшісі Константин Михальчевский жарақат алған.

Ресейдің журналистер одағы "Известия" газетінің тілшісі Роман Польшаков пен оператор Дмитрий Шиковтың да жараланғанын хабарлады. Оқ атқан кезде олардың арасында ТАСС тілшісі мен "Россия" телеканалының журналисі де болған.

Журавлёв "Нежурка" телеграм-каналында Украиндағы соғыс жайында жазып келген. Ол бұрынырақ тіркелмеген Ұлттық-большевиктер және "Другая Россия Эдуарда Лимонова" партияларының белсендісі болған. 2014 жылы Қырымды аннексиялау кезінде және Донбасстағы соғыста Ресей қолдаған сепаратистер жағында болған.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері ондаған украин және шетелдік журналистер ақпарат тарату кезінде қаза тапты. Олардың арасында Азаттықтың украин қызметінің тілшісі Вера Гирич те бар. Орыс солдаттары украиндық фото тілші Максим Левинді өлтірді. Киевтегі зымыран соққысынан журналист Оксана Баулина да көз жұмды.

XS
SM
MD
LG