Ссылки доступа

Ұлыбританияда BBC комментаторының отбасы өлтірілді


Ұлыбританияда BBC комментаторы Джон Ханттың 61 жастағы әйелі және 25, 28 жастағы екі қызы арбалетпен (садақтың бір түрі) өлтірілді. Оқиға олардың Лондондағы Буши саябағы жанындағы үйінде болған.

Полиция қылмысқа күдікті 26 жастағы Кайл Клиффордты іздеп жатыр. Тергеушілердің болжамынша, бұл арнайы жасалған қылмыс болуы мүмкін. Шабуыл жасаған адам арбалеттен басқа да қару қолдануы мүмкін. Шабуыл себебі тергеліп жатыр.

BBC Британияның ішкі істер министрлігі арбалеттер бойынша заңды күшейтіп жатқанын еске салады. Министрлік мәліметі бойынша, 2011-2021 жылдар аралығында бұл қарумен 10-ға жуық адам өлтіру оқиғасы тіркелген.

XS
SM
MD
LG