Ссылки доступа

Ұлыбританияда жаңа үкімет жасақталды


Королева Великобритании Елизавета II и премьер-министр Лиз Трасс, сентябрь 2022 года

Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II Элизабет Трасс басқаратын жаңа үкіметті бекітті. Саясаткер әйел Консерваторлар партиясын басқару күресінде жеңіске жетіп, 6 қыркүйекте премьер-министр қызметіне кірісті.

Бұның алдында Трасс Ұлыбритания сыртқы істер министрі болған. Бұл қызметке Джеймс Клеверли тағайындалды, деп хабарлады Би-би-си. Клеверлиге Украинаға қатысты саясатпен де айналысу міндеті жүктелген. Трасс бұған дейінгі үкімет басшысы Борис Джонсон бағытын жалғастыруға уәде берген. Жаңа үкімет Ресей президентінің агрессиясына қарсы күресте Киевке көмектесе береді.

Украина президенті Владимир Зеленский Трассты жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, оны еліне шақырды. Ұлыбритания премьер-министрі ұсынысты қабылдады, – деді Даунинг-стрит баспасөз хатшысы.

Қорғаныс Бен Уоллес үкіметтегі орнын сақтап қалған санаулы шенеуніктің бірі. Уоллес бұл қызметке 2019 жылы кіріскен. Оның украин мәселесіндегі саясаты Ұлыбритания тұрғындарының қолдауына ие болды, деп жазды Би-би-си.

Ішкі істер министрі қызметіне Суэлла Браверман тағайындалды. Әйел саясаткер бұның алдында бас прокурор қызметін атқарған. Браверман мигранттарды Руандаға депортациялау жөнінде үкімет жоспарын әзірлеуі тиіс.

Элизабет Трасс премьер-министр қызметі үшін күресте Консерваторлар партиясы мүшелерінің 57,4% дауысына ие болды. Оның қарсыласы Риши Сунака 42,6% дауыс жинады.

XS
SM
MD
LG