Ссылки доступа

Вашингтон Киевке қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін береді


Джо Байден
Джо Байден

Вашингтон Киевке қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін береді. Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөзйлескенде АҚШ президенті Джо Байден айтты деп хабарлайды Ақ үй.

Байден дүйсенбі күні Украина жерін зымыранмен жаппай атқылаған Ресейді айыптап, Киев қорғанысына мұнан кейін де көмектесуге уәде берген. АҚШ президенті Украина жеріндегі әрекеті үшін Ресейді жауапкершілікке тарту жөнінде одақтастарымен үнемі пікірлесіп отырғанын атап өткен.

Зеленский Байденмен әңгімеде негізгі тақырып Украинаға әуе қорғанысы жүйесін жеткізу туралы болғанын айтты. "Біздің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыздың нөмірі бірінші мәселесі осы ", - деп жазды Зеленский телеграм-арнасында.

Ресей Украинаға басып кіргелі АҚШ Киевке көмекке 17 миллиард доллар қаржы бөліп, Мәскеуге мейлінше кең ауқымды санкция салған.

XS
SM
MD
LG