Ссылки доступа

Ұлыбритания Еуропада алғаш болып зертхана етін сатуға рұқсат берді


Ұлыбритания Еуропада алғаш болып жасанды ет өндіруге және сатуға рұқсат берді. Әзірге еттің мұндай түрімен жануарларды қоректендіруге ғана болады. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Енді осы елдегі сауда нүктелерінде зертханада өндірілген тауық еті сатыла бастайды. Мұндай етті өндіру үшін жұмыртқа препараты қолданылады. Жасанды ет арнайы құтыларда паштет тәріздес пастаға айналғанға дейін өсіріледі.

Ағылшын компаниялары жануарлардың тамағын биылдан бастап сатуды көздеп отыр. Жасанды етке сұраныс бар. Адамдар үй жануарларын тамақтандыру үшін зертханада өндірілген өнімді таңдауы мүмкін.

Әлемде жүзден астам компания жасанды ет өнімдерін дайындаумен айналысады. Алайда оны сатуға Сингапур, АҚШ және Израиль ғана рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG