Ссылки доступа

Венгрия Әлішер Османовты санкция тізімінен шығару талабынан бас тартты


Венгрия ресейлік үш олигархты санкция тізімінен шығару жөніндегі ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы Азаттық радиосының Орыс қызметі дипломатиядағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, 7 қыркүйекте Брюссельде Еуроодақ елдері елшілерінің кездесуінде Венгрия өкілі ресейлік кәсіпкерлерге қарсы санкцияны тағы жарты жылға созуды қолдайтынын мәлімдеген. Дегенмен Будапешт 2023 жылы наурызда шектеулерді созу уақыты келгенде мәселеге қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.

Азаттық дереккөздерінің мәліметінше, Будапешт санкция тізімінен Әлішер Усмановты, Петр Авен мен Виктор Рашниковты шығаруды талап еткен.

Усманов пен Авен Кремльге жақындығы бар олигархтар. Еуроодақ олар Ресей президенті Владимир Путинмен жақын араласады деп есептейді.

Рашников Ресейдегі ең ірі салық төлеуші - Магнитогорск металлургия комбинаты директорлар кеңесінің басшысы ретінде санкция тізіміне енген.

Мәскеуге қарсы санкциялар мерзімін созу жөніндегі шешім 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Еуроодақ дайындаған бұл тізімде 1200-ден астам жеке тұлға және 100-ден астам компания бар.

XS
SM
MD
LG