Осылайша, Жоғарғы сот Джо Байден әкімшілігінің бұл құжатты бұғаттау жөніндегі ұсынысы қаперге алынбады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Қаңтарда әділет министрлігі Жоғарғы соттан бастаманы қабылдамауды сұраған. Министрліктің мәлімдеуінше, бұл заң АҚШ конституциясының ережелерін бұзады, федералдық көші-қон заңнамасына қайшы келеді. 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған заңға сәйкес, штат полициясы елге заңсыз кіруі мүмкін күдіктілерді ұстай алады. Осы заң қабылданғанға дейін федералдық билік қана осындай құзыретке ие болған.
Техас заңы шекарадан заңсыз өту әрекетін штатқа қарсы қылмысқа жатқызып, заң бұзғандарды 180 күннен 20 жылға дейін жазалауды қарастырады.
Техас штаты шекарадан заңсыз өтіп жатқан адамдарды тоқтауға шара қолданды. Атап айтқанда, шекара бойына Ұлттық ұлан әскері қойылды.