Ссылки доступа

Владимир Зеленский Азат Еуропа /Азаттық радиосының президенті Стивен Капуспен кездесті


Стивен Капус және Владимир Зеленский
Стивен Капус және Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда Киевке жұмыс сапарымен барған Азат Еуропа /Азаттық радиосының президенті Стивен Капуспен кездесті.

Зеленский мен Капус соғыс жүріп жатқан Украинадағы журналистердің жұмысы жайлы сөйлесті.

Украина президенті аймақтағы оқиғаларды шынайы көрсетіп, Ресейдің әскери қылмысы жайлы ақпарат таратып жатқан халықаралық медианы, оның ішінде Азаттықтың жұмысын ерекше атап өтті.

Зеленский мен Капус сонымен бірге аннекцияланған Қырымда үш жылдан бері түрмеде отырған Азаттықтың украин қызметінің журналисі Владислав Есипенконы босату мүмкіндігі жайлы сөйлесті.

"Ресейдің Украинаға басқыншылық жасауы үшінші жылға және Украина аймағын аннексиялауы он жылға кетіп барады. Азаттық радиосының миссиясы – әлемге Украинада не болып жатқанын ашық, шынайы көрсету", – деп мәлімдеді Капус.

Ол Есипенконы босатуға үндеді. Зеленский барлық украин тұтқындарын, оның ішінде журналистерді босатуға жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – АҚШ-тың жаһандық медиа бойынша агенттігі арқылы конгресс гранты есебінен қаржыландырылатын америкалық медиакорпорация. Медиакорпорация әлемнің баспасөз бостандығы шектеулі 23 елінің аудиториясы үшін 27 тілде ақпарат таратады.

XS
SM
MD
LG