Озоди радиосы дереккөзінше, тергеу органдары Демократиялық партияның бұрынғы төрағасы әрі экс-депутат Саидджафар Усмонзоданың, Жоғарғы кеңестің экс-төрағасы Акбаршо Искандаровтың, сыртқы істер министрі болған Хамрохон Зарифидің, Демократиялық партия төрағасының орынбасары болған Ахмадшох Комилзоданың және олардың туыстарының банктерінің есеп-шоттарын бұғаттаған.
Сонымен бірге олардың жылжымайтын мүліктерін қамауға алды.
Ұсталғандардың туыстары өздеріне қысым көрсетіліп жатқанын айтады. Олардың бірі мемлекеттік қызметтегі жұмысынан шығарды деді.
Қамауға алынғандардың адвокаттары олармен кездесе алмағанын айтады. Тергеу органдары істің құпия жүріп жатқанын, оларды тек мемлекеттік қорғаушылар ғана қорғайтынын жеткізген.