Ссылки доступа

Тәжікстан билігі Сириядағы лагерьлерден 47 әйел мен баланы қайтарды


Душанбе халықаралық әуежайы. 25 сәуір, 2024
Душанбе халықаралық әуежайы. 25 сәуір, 2024

Тәжікстан билігі Сириядан тағы бір топ ана мен баланы елге қайтарып алды.

Биліктің осыған қатысты ресми мәліметінде 25 сәуірде арнайы рейс Душанбеге 47 адамды, 13 отбасының мүшесін – 15 әйел, 17 қыз және 15 баланы жеткізгені айтылған.

Олардың бәрі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бұрынғы содырларының әйелдері мен балалары. Бірақ билік мәліметінде ол туралы жазылмаған.

Әйелдердің дені Сирия мен Иракқа 2014-2016 жылдары күйеулерімен бірге кеткен, «Ислам мемлекеті» күйрей жеңілген соң 2018 жылы оларды Сириядағы босқындар лагерьлеріне орналастырған. Балалардың кейбірі Таяу Шығыстағы елдердің аумағында дүниеге келген.

«Әйелдер мен балалар оңалту, әлеуметтік бейімдеуден кейін отбасыларына қайтарылады» деп хабарлады билік.

2019-2023 жылдар аралығында Тәжікстан билігі Сирия мен Ирактан 334 әйел мен баланы елге қайтарған.

Тәжік билігінің мәліметінше, 2014 жылы ИШИМ Ислам Халифатын жариялағалы бері Сирия мен Иракқа 2 мыңға жуық тәжік азаматы кеткен. Олардың көбі соғыс ошағына әйелі мен баласын ала барған. Содырлардың дені не өлген, не түрмеге түскен, не із-түссіз жоғалған.

XS
SM
MD
LG