Ссылки доступа

Украина билігі астық келісімін 120 күнге созғанын хабарлады


Украина инфрақұрылым министрлігі украин астығын Қара теңіздегі порттармен экспорттау жөніндегі келісімді тағы 120 күнге созғанын хабарлады.

"Шешім жаңа ғана Стамбұлда мақұлданды. Бастамаға БҰҰ мен Түркия кепіл болды", - деп хабарлады министрлік. Министр Александр Кубраков твиттерінде Түркияның қорғаныс мекемесінің басшысы "азық-түлік дағдарысына қарсы ғаламдық күресте тағы бір маңызды қадам жасады" деп жазды.

Кубраковтың айтуынша, Украина әріптестерге келісімді кем дегенде бір жылға созу туралы ұсыныс тастаған. Бұл жолы астық экспортына Николаев порты да қосылады. Қазір астық Одесса, Оңтүстік және Черноморск арқылы тасылып жатыр, деп хабарлады РБК.

Астық келісімі биыл шілде айында күшіне енген. Оның мерзімі 19 қарашада бітуі тиіс болған. Ресейдің келісімге рұқсат берген-бермегені әзірге белгісіз. Bloomberg агенттігі 15 қарашада дереккөздеріне сүйене отырып, Мәскеу астық келісімін созуы мүмкін деп хабарлаған. Ресейдегі ақпарат агенттіктерінің дереккөздері 17 қарашада келіссөздер әлі жүріп жатыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG