Ссылки доступа

USCIRF АҚШ билігіне Тәжікстан мемлекеттік органдарына қарсы санкция енгізуді тағы ұсынды


Душанбедегі Ұлттар сарайы
Душанбедегі Ұлттар сарайы

АҚШ халықаралық дін еркіндігі мәселелері жөніндегі комиссиясы (USCIRF) мамырдың басында жылдағы есебін жариялады. Онда әлемдегі дін еркіндігін бұзуға қатысты мәліметтер айтылады.

Комиссия АҚШ үкіметіне азаматтардың дін еркіндігін бұзуға жауапты мемлекеттік органдар мен жекелеген адамдарға қарсы санкция енгізуді ұсынды.

USCIRF ұйымының жылдық есебінде АҚШ-тың дін еркіндігі саласындағы халықаралық саясатына баға беріледі.

Тәжікстан билігі әзірге ұйым есебіне қатысты ешқандай мәлімет таратқан жоқ, бірақ биыл қаңтарда республиканың дін істері жөніндегі комитеті Азаттықтың Тәжік қызметінің сауалына «елде дін еркіндігіне қатысты жағдай жақсы» деп жауап берген.

USCIRF Тәжікстан билігін сынаған мына әрекеттері үшін сынаған:

• Эмомали Рахмон үкіметіне оппозиция өкілдерін, билікті сынаушыларды экстремизммен күресіп жатырмыз деген желеумен қудалау;

• Тәжікстан қарулы күштеріне сарбаз жинау жоспары орындалмай қалуына байланысты мешіттерді жабу;

• Таулы Бадахшан автономиялы облысында Аға Ханға байланысты бірнеше нысан қызметін шектеу;

• Иегова куәгерлері қызметіне тыйым салу және тағы басқа да әрекеттер.

Комиссия 2023 жылы Тәжікстанда дін еркіндігіне қатысты жағдай жақсармады деп есептейді. Халықаралық ұйым былтыр да АҚШ үкіметіне мемлекеттік органдарға қарсы санкция қолдануға кеңес берген.

«2023 жылы да Тәжікстан үкіметі азаматтардың, сонымен бірге шетелде тұратын адамдардың да дін еркіндігін шектеуді тоқтатпады» деп жазылған ұйым есебінде. Баяндама авторларының пікірінше, елдегі діни топтардың бәрі қысым көрген, бірақ «билік мұсылмандарды көбірек қудалаған, алайда мұндай әрекеттер исмаилшыларға қарсы жиі қолданылған».

АҚШ халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссия (USCIRF) тәуелсіз федералдық ұйым. Оны АҚШ конгресі шетелдегі дін еркіндігін бақылау мақсатында құрған.

XS
SM
MD
LG