Challenges француз басылымының мәліметіне сәйкес, вилланы тәркілеу шешімі мүлік сатылып алынған қаражаттың қайдан келгенін тексеру бойынша Transparency International ұйымының талабынан кейін қабылданған.
Бискай жағалауындағы Биарриц шипажайына жақын орналасқан "Сюзанна" атты вилла 5,4 миллион еуроға бағаланған. Оның жалпы көлемі 5 мың шаршы метрді құрайды.
Вилланы Людмила Путинаның қазіргі күйеуі 2013 жылы сатып алған. Дәл осы жылы Владимир Путин әйелімен ажырасқанын мәлімдеген.
Путинаның екінші некесі жөнінде ресми хабарланған емес. БАҚ мәліметіне қарағанда, ол кәсіпкер Очеретныйға 2015 жылы тұрмысқа шыққан.
2022 жылы тамызда Алексей Навальный жақтастары зерттеу жариялаған. Онда Артур Очеретный мен Людмила Путина Испанияның Малага қаласында 2 миллион еуро тұратын екі пәтерге және Швейцарияның Давос қаласында 3,5 миллион еуроға бағаланған бір пәтерге иелік ететіні айтылған.
Бұдан бөлек зерттеу авторлары Путина мен Очеретный Мәскеу орталығындағы ғимараттарды жалға беруден жылына 250 миллион рубль кіріс алып тұратынын білдірген.