Ссылки доступа

Вьетнамда тайфуннан қаза тапқандар саны 200-ге жетті


Вьетнам солтүстігіндегі Йенбай, 10 қыркүйек, 2024 жыл.
Вьетнам солтүстігіндегі Йенбай, 10 қыркүйек, 2024 жыл.

Вьетнамда "Яги" тайфунынан кемінде 197 адам қаза тауып, 800 жуығы жарақат алып, жүзден астамы іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл жөнінде Associated Press вьетнамдық медиаға сілтеме жасап хабарлады.

Қаза болғандардың дені – су тасқыны және жер көшкінінің құрбандары. Су ағыны көпірді бұзып, адамдары бар көлікті ағызып әкеткен. Ауылдан 50 мың адам көшірілді, мектептердің жартысы жабылды. Зардап шеккен елді-мекендерден ауыз су мен азық-түлік жетіспей жатыр. Келген шығын ондаған миллион доллардан асқан.

Елдің астанасы Ханой соңғы жиырма жылда болмаған табиғат апатын бастан өткеріп жатыр.

"Яги" тайфуны Вьетнамда соңғы отыз жылда болмаған күшті жел. Оның жылдамдығы сағатына 149 шақырымға жеткен. Қазір жел шамалы бәсеңдеген. Бірақ кейбір аймақтарында нөсер жаңбыр жалғасып жатыр.

Экологтар климаттың өзгеруіне байланысты "Яги" секілді желдер күшейіп жатыр.

Байқаушылардың айтуынша, 2024 жылдың жазы - ең ыстық жаз болған.

XS
SM
MD
LG