Ссылки доступа

Мьянмада алты мың адамға рақымшылық жарияланды


Мьянмадағы үкіметке қарсы акция кезін, 15 ақпан, 2021 жыл. 

Билікте отырған Мьянма әскері еліндегі Ұлттық мерекеге орай алты мың адамды бостандыққа шығарды. Олардың ішінде төрт шетел азаматы және 11 танымал тұлға бар. 

Босатылғандардың арасында аустралиялық экономист Шон Тернелл, бұрынғы мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи; Ұлыбританияның бұрынғы елшісі Вики Боумен, америкалық ботаник Кьяу Хтай Оо және жапон журналисі Тору Кубота бар.

2021 жылдың 1 ақпанында Мьянмада мемлекеттік төңкеріс орын алды. Әскерилер үкімет басшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжиді биліктен құлатқан. Сол жылы сәуір айында ол коррупция айыбымен бес жылға түрмеге қамалған. Содан бері ел арасындағы наразылық шарасын әскерилер басып келеді.

БҰҰ мәліметінше, төңкеріс кезінде екі мыңға жуық адам қайтыс болған, режимге қарсы 13 мың адам қамауға алынған.

Биыл жазда төрт оппозициялық белсендіге өлім жазасы кесілді. Бұл 1980 жылдардан кейінгі шығарылған бірінші өлім жазасы.

XS
SM
MD
LG