Ссылки доступа

Рахмон Германияны Рогун ГЭСі құрылысын қаржыландыруға шақырды


Эмомали Рахмон мен Олаф Шольц. Астана, 17 қыркүйек 2024
Эмомали Рахмон мен Олаф Шольц. Астана, 17 қыркүйек 2024

Тәжікстан президенті Германия канцлеріне Рогун ГЭС-і құрылысын қаржыландыруға көмек сұрады. Эмомали Рахмон мен Олаф Шольц 17 қыркүйекте Астанада "Орталық Азия –  Германия" саммиті аясында кездесті.

Тәжікстан президентінің сайтында Олаф Шольц Рахмонның шақыруына жауап ретінде Германия Тәжікстанмен энергетика саласында, оның ішінде гидроэнергетикада және басқа "жасыл" энергия бұлақтарында, тау кендерін істету, қауіпсіздік мәселелерінде жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.

"Біз неміс компаниялары мен Тәжікстанның бірлесіп қызмет жасауын қолдаймыз" деген Олаф Шольц.

Германия Бадахшандағы "Тәжікстан" және "Себзор" электр станцияларын құруға, Нүрек ГЭС-ін модернизациялауға қатысқан.

XS
SM
MD
LG