Ссылки доступа

АҚШ пен "Талибан" қамаудағы азаматтарын алмастырды 


Башир Нурзай Кабулда, 19 қыркүйек, 2022 жыл 
Башир Нурзай Кабулда, 19 қыркүйек, 2022 жыл 

19 қыркүйекте Кабул қаласының әуежайында америкалық инженер Марк Фрерикс "Талибан" қозғалысының жоғары дәрежелі мүшесі Башир Нурзайға алмастырылды. Бұл мәліметті АҚШ президентінің әкімшілігі растады. 

Марк Фрерикс — АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің инженері әрі ардагері. Ол Ауғанстандағы өндіріс жобаларында он жылдай істеген. Фрериксті 2020 жылдың ақпанында белгісіз адамдар ұрлап әкеткен.

Башир Нурзай болса тәліптер 1990 жылдары билікте болғанда оларға қаржылай көмектесіп келген. 2005 жылы 50 миллион долларлық есірткіні заңсыз тасыды деген айыппен АҚШ-та қамауға алынған.

2009 жылы ол өмір бойы түрме жазасына кесілген. Босатылғаннан Нурзайды Кабулда тәліптер гүлмен күтіп алды.

XS
SM
MD
LG