Саха тәуелсіздігі үшін "Қарсылық" қозғалысының мәлімдеуінше, азаматтық киімдегі адамдар оны көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Содан бері хабар жоқ.
Аммосовтың таныстары Sota басылымына соңғы күндері оған Қазақстанның құқық қорғау органдары өкілдері жиі келіп жүргенін айтқан. Олардың айтуынша, полиция қызметкерлері Аммосовқа уақытша тұруға көмектесіп жүрген адамға барып, тұратын жері туралы қызығушылық танытқан. Белсендінің өзі Астанада тіркелген, бірақ соңғы кезде Алматыда тұрып жатқан.
Айхал Аммосов (төлқұжаттағы аты-жөні Игорь Иванов) – Саха тәуелсіздігі үшін қозғалыстың белсендісі. 2022 жылдың тамыз айында оған қарсы қылмыстық іс қозғалған соң, Аммосов Қазақстанға көшіп кеткен. Аммосов Қазақстан арқылы Еуропаға кетуді ойлап жүрген.