Мәліметке қарағанда, мұндай жоспар «белгілі бір жерде Израильге шабуыл жасауға дайындық жүріп жатқаны» туралы барлау мәліметі түскен жағдайда қолданылуы мүмкін.
Израиль билігі Иран ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Ханияның қазасы үшін кек алу мақсатында шабуылдауы мүмкін деп болжайды.
Axios басылымының дерегінше, АҚШ билігі Иран Израильге 5 тамызда соққы жасауы мүмкін деп топшылаған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қауіпсіздік күштері басшыларымен жиналыс өткізіп, Ирандағы нақты нысандарға соққы жасау мүмкіндігін талқылааған. Бұл туралы Ynet жаңалықтар қызметі хабарлады.