Ссылки доступа

Оңтүстік Корея: Пхеньян Ресейге оқ-дәрі бар 7 мыңға жуық контейнер жөнелткен


Украин билігі Солтүстік Кореяда жасалғаны айтылған зымыран бөлшектері. Харьков қаласы, 6 қаңтар 2024 жыл.
Украин билігі Солтүстік Кореяда жасалғаны айтылған зымыран бөлшектері. Харьков қаласы, 6 қаңтар 2024 жыл.

Солтүстік Корея 2023 жылдан бері Ресейге оқ-дәрі және басқа да әскери заттар бар 7 мыңға жуық контейнер жөнелткен. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Шин Вон Сик мәлімдеді.

Оның сөзінше, Пхеньян алғаш жүкті кемелер арқылы жеткізіп келсе, қазір темір жолды көбірек пайдаланып жатыр.

"Солтүстік Корея бұл әскери қолдау үшін Ресейден 9 мыңнан астам контейнер көмек алған болуы мүмкін", - деді министр.

Sky News телеканалы атап өткендей, Шин Вон Сик бұл туралы Солтүстік Корея Жапон теңізін қысқа аралыққа ұшатын баллистикалық зымыранын ұшырғаннан кейін бірнеше сағат өткеннен кейін білдірді.

Осыған дейін АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны Ресейге снарядтарды және басқа әскери заттарды жөнілтті деп айыптаған. Бұл айыптауларды Мәскеу де, Пхеньян да мойындамаған.

Ақпан айында The New York Times газеті Ресей оқ-дәрілер бергені үшін Солтүстік Кореяның әлемдік қаржы жүйесіне кіруге жол ашып, БҰҰ-ның санкциясына түскен Солтүстік Корея активтерінің бір бөлігін қамаудан шығарғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG